Алматы әкімі IEC International компаниясының басшысымен және ресейлік басқарушы серіктесімен ынтымақтастық мәселесін талқылады

Алматы әкімі IEC International компаниясының басшысымен және ресейлік басқарушы серіктесімен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кездесуде мегаполистің көлік саясатын жетілдіру мәселесі айтылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев IEC International консалтингтік компаниясының президенті Е. Козыревамен және IEC Group-тің Ресей бойынша басқарушы серіктесі П. Чистяковпен мегаполистің көлік саясатын жетілдіру, соның ішінде, Big Data негізінде жетілдіру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz                

Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Twitter-парақшасында хабарлады.

«IEC International консалтингтік компаниясының президенті Е. Козырева мен IEC Group-тің Ресей бойынша басқарушы серіктесі П. Чистяковпен кездестім. Мегаполистің көлік саясатын жетілдіру, соның ішінде Big Data негізінде жетілдіру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқыладық», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.