Алматы әкімдігінде 2021 жылы АТ-сәулетті цифрландыру және қалыптастыру туралы айтылды

Алматы әкімдігінде 2021 жылы АТ-сәулетті цифрландыру және қалыптастыру туралы айтылды
Almaty-akshamy.kz

Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қаланы цифрландыру жөніндегі болашақ жобаларды таныстырды деп хабарлайдыA lmaty-akshamy.kz

Қоңырбаевтың айтуынша, Алматы цифрландыру қарқыны бойынша ТМД мен Шығыс Еуропаның көшбасшы қалаларының қатарына кіреді: біздің мегаполис Мәскеуден кейін «ақылды» қалалар рейтингінде екінші, ал IDC рейтингіндегі цифрлық жетілу деңгейі 2,7 баллды құрайды. 

- Цифрландыру туралы айтқанда,процесстер «Алматы-2050» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларының стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі тиіс екенін түсінген жөн. Біз қаланы цифрландырумен қатар, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Біздің басқарма «ақылды» қаланың 11 саласын қамти отырып, түрлі мемлекеттік органдар ұсынған 17 цифрлық офицерді бекітті, - деп атап өтті Қоңырбаев.

Айта кетерлігі, Алматыда бірыңғай деректер базасы, сингапурлық Smart City моделі бойынша бірқатар жобалар іске асты. Аталған АT-платформа мемлекеттік органдарға өзара деректермен дереу алмасуға мүмкіндік береді.

Мәселен, 2021 жылы қаланы Цифрландыру басқармасының жұмысындағы басты бағыт – Бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру, қала қызметіне АT-кеңесті тарту және қолданбалы форматтта университеттермен өзара іс-қимылды қалыптастыру болды, - деп пікірімен бөлісті Қоңырбаев. 

Жалпы, негізгі идея – барлық білім беру мекемелерін, технопарктерді, акселераторлар мен АТ-компанияларды тікелей байланысты қамтамасыз ететін бір платформаға біріктіру. Бірыңғай коммуникациялық кеңістік – бұл АT бизнес, АT таланттар және білім беру кластері үшін бір терезе. Қазірдің өзінде платформада 1800 АТ-талант, 17 АТ-компания тіркелген, 18 бос жұмыс орны орналастырылған, 47 білім беру курстары бар.

Баян Қоңырбаев тамыз айында жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тегін оқыту бойынша Home Credit University IT HUB-пен пилоттық жоба іске қосылғанын, сондай-ақ «Жобалық менеджмент» құзыреті бойынша Сбербанк және BTS Digital-мен бірлесіп Jumys Bar екінші пилоттық жобаның іске қосылғанын еске салды.

Цифрландыру басқармасының басшысы Алматының жергілікті АT-мамандарды қалай қолдайтынын да айтты.

- Алматы әкімдігі Astana Hub-пен бірлесіп Smart City тұжырымдамасы бойынша қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптар үшін акселерация бағдарламасын іске қосты, - деп хабарлады ол. – Бағдарлама қаланың тыныс-тіршілігінің негізгі бағыттары бойынша инфрақұрылымды дамытуға елеулі ықпал ете алатын стартаптарды қолдауға бағытталған. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен стартаперлер арасында болашақ жобаларды пилоттау мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде.

Баян Қоңырбаев Алматының кластерлік дамуы аясында қалалық АТ-компаниялар орналасатын аудандық АТ-хабтар жобасының іске асырылып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, жеке инвесторлардың қолдауы арқасында қалада француз бағдарлама мектебінің ECOLE 42 -Academie ONE Informatique моделі бойынша жаңа буын бағдарламалау мектебі құрылуда.

Бұлардан өзге, қала әкімдігі АТ-кәсіпкерлерді жүйелі қолдау үшін кезеңмен гранттар бөледі.