Алматы әкімдігі педагогтарды марапаттады

Алматы әкімдігі педагогтарды марапаттады
Cурет: Әкімдік

ҚР БжҒМ және қала басшылығы ұстаздарға алғыс айтты.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қаладағы мектеп мұғалімдеріне, қосымша білім беру жүйесінің педагогтеріне және ағарту саласының ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық ерекшелік белгілері мен құрмет грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Еңбек ардагері» медалі М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Волгаеваға және №2 Оқушылар үйінің директоры Елена Диароваға берілді.
«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі №178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Слямғалиеваға, №173 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еркін Сенкебаевқа,сонымен бірге О. Жандосов атындағы №105 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлғаным Әубекероваға табысталды.

«Мен елімізде және қаламызда білім беру жүйесінің дамуына мұқият қарап, оны дамытуын үлкен мақтанышпен айтамын. Бізге, оқушының үйіне кез-келген бала келе алады, ал мұғалімдер оның қабілеттерін дамыту үшін бәрін жасайды. Біз барлық балалар үшін ашықпыз, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың бізге келуіне ұмтыламыз. Оқушы үйінде сіз музыкамен айналыса аласыз, өзіңізді өнердің басқа түрлерінде сынап көре аласыз, техниканы игере аласыз. Қосымша білім беру - бұл бос уақытты өткізу ғана емес, сонымен қатар өз кәсібіңді табу мүмкіндігі», - деді Елена Диарова.

Ағылшын және басқа тілдерді тереңдетіп оқытатын №105 гимназия балалардың алған білімдері болашақ мансабына негіз болуы үшін бәрін жасауға тырысады.

«Біздің балаларымыз қазақ тілі және ағылшын тілдерімен қатар француз, қытай тілдерін оқиды. Адам неғұрлым көп тіл білсе, оның мүмкіндіктері де соғұрлым көп болады және балалар мұны түсінеді», – деп атап өтті Ұлғаным Әубекерова.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапаттарымен қатар педагогтарға Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хаттары табыс етілді.