Алматы әкімдігі 41 мыңнан астам баланың спорт секцияларына баруын қаржыландырады

Алматы әкімдігі 41 мыңнан астам баланың спорт секцияларына баруын қаржыландырады almaty-akshamy.kz

Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 956 миллион теңге бөлінді. 4 жастан 18 жасқа дейінгі жас алматылықтар мемлекеттік спорттық тапсырыс пен жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүзеге асырудың арқасында спорттың 71 түрі бойынша үйірмелер мен секцияларға тегін бара алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Еске салсақ, өткен жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Құжатта халықтың барлық жас топтары арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген.


Бүгінде Рүстем Байсейітовтің айтуынша, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жоба Бірыңғай республикалық ARTSPORT.EDU.KZ.электронды платформасында жүзеге асырылуда 



«Ата-аналардың Алматыдағы барлық тегін секциялармен танысып, үйден шықпай-ақ балаға ең қолайлысын таңдауға мүмкіндігі пайда болды. Бұл платформа баланы онлайн режимінде жазуға мүмкіндік береді, бұл жұмыс істейтін ата-аналар үшін өте ыңғайлы. Биыл барлығы 53 526 өтінім беріліп, 37 спорт түрінен 41 530 өтінім бойынша ваучерлер іске қосылды», - деп хабарлады спорт басқармасының басшысы.



Оның айтуынша, алматылық балалар арасында футбол, шахмат, таэквондо, дзюдо және жүзу бойынша тегін секциялар сұранысқа ие.


Ол ата-аналардың баланың тұрғылықты жерінен жаяу қашықтықта секцияларды таңдауға мүмкіндігі бар екенін айтты. Мысалы, әр ауданда 100 демалу орталығы жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адамды қамти отырып, 36 спорт секциялары мен үйірмелері тегін жұмыс істейді.


2023 жылға қарай орталықтар санын 200-ге дейін арттыру жоспарланған, биыл қосымша тағы 50-і ашылды.


Балаларды спортпен қамту туралы айта келе, Р. Байсейітов оқушыларды жеңіл атлетикаға тартатын «Kids Athletics» бағдарламасының іске асырылуын атап өтті.



«Kids Athletics» жаттығулары жеңіл атлетиканың барлық пәндерінің негіздерін: спринтерлік жүгіру, эстафеталар, төзімділікке жүгіру, найза мен доп лақтыру, спорттық жүру, ұзындыққа және сырықпен секіру негіздерін қамти отырып, ойын жарыс форматында өткізіледі. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар спортпен шұғылдана алады, ал кейіннен кәсіби спортқа көшеді», - деді Р. Байсейітов.



Айта кетерлігі, аталған бағдарламаға қатысушы 60-тан астам бала БЖСМ-ге қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37