Алматылық құтқарушылар хабарсыз кеткен азаматшаны іздестіруде

Алматылық құтқарушылар хабарсыз кеткен азаматшаны іздестіруде

Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарын 30 адам жүргізіп жатыр.

7 шілде күні Алматы құтқарушыларына  хабарсыз кеткен азаматшаның  анасы телефон шалып, өтініш білдірген. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жүргізілып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың айтуынша, 1980 жылы туылған азаматша А.Камиеваны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көрген.

 «1980 жылы туылған, БАО аумағында хабарсыз кеткен азаматша А.Камиева туралы хабарлама Алматы қаласы ТЖД 112 пультіне бүгін, 7 шілдеде, таңғы сағат 09:22-де түсті (өтініш беруші - қыздың анасы. Оның айтуынша, қызын соңғы рет 5 шілдеде Үлкен Алматы көлінің маңында көрген. Телефоны үйде қалған», – делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, жедел іздестіру-құтқару жұмыстарына 30 адам, 7 бірлік техника жіберілген, оның ішінде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, құтқару қызметі 109, еріктілер бар.

Күндізгі уақытта ІҚЖ-ға пилотсыз ұшу аппараттары іске қосылды. ІҚЖ жүргізуге арналған күштер күшейтілуде. Болжамды іздеу орнына жеткенде, құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі Алматы «Алагир» асуы бағытына қарай жұмылдырылды. Екінші топ «Совет» шыңына қарай кеткен.