Алматы құтқарушылары хабарсыз кеткен азаматшаны тапты

Алматы құтқарушылары хабарсыз кеткен азаматшаны тапты

Оның жағдайы ауыр, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет.

Шаһар құтқарушылары хабарсыз кеткен Әлия Камиева тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

« 8 шілде күні сағат 10 сағат 56 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментіне РЖҚЖ-дан БАО аумағында хабарсыз кеткен Әлия Камиева табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет», – делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарында.

Ресмит дерек бойынша, департамент ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағының ұшуын ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетсек, 7 шілдеден бері құтқарушылар  іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп,  максималды күштер мен құралдарын жұмсаған болатын. Бұл жұмысты республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, екі кинологиялық есеп, « 109» құтқару қызметі, 75 волонтер жүргізді.

Бүдан бұрын хабарлағандай, 7 шілде күні Алматы құтқарушыларына  хабарсыз кеткен азаматшаның  анасы телефон шалып, өтініш білдірген болатын.