Алматы қаласында бір тәулікте 9 839 адам екпе алды

Алматы қаласында бір тәулікте 9 839 адам екпе алды
Сурет: Liter.kz

Осы кезге дейін 558 104 қала тұрғыны вакцина салдырған. 


Бұл туралы ақпарат таратқан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екпе салдырғандардың ішінде 88 824 адамның жасы 60-тан асқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«8 шілде күні 9 839 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 8 шілде аралығында қалада барлығы 558 104 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың арасында 60 жастан асқан қарт кісілер - 88 824»,- деп хабарлады басқармадан.


 Қалада 212 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 


«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.