Алматы қаласында 65 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Алматы қаласында 65 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сурет: Gov.kz

Бұлардың барлығының вирус жұқтырғандығы  ПТР арқылы анықталған.

Қазақстан бойынша 757 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің аймақтарындағы  коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші мынадай: Нұр-Сұлтан қаласы - 181, Алматы қаласы - 65, Шымкент қаласы - 4, Ақмола облысы - 36, Ақтөбе облысы - 6, Алматы облысы - 30, Атырау облысы - 27, Шығыс Қазақстан облысы - 67, Жамбыл облысы - 22, Батыс Қазақстан облысы - 33, Қарағанды облысы - 161, Қостанай облысы - 33, Қызылорда облысы - 15, Маңғыстау облысы - 7, Павлодар облысы - 47, Солтүстік Қазақстан облысы - 5, Түркістан облысы - 18. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 402996.