Алматы қаласында 4-5 қарашада қар шығару бойынша ақпарат

Алматы қаласында 4-5 қарашада қар шығару бойынша ақпарат
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 3-4 қарашада қар жауған кезде жерге 8 см қар түсті, тау бөктеріндегі аудандарда – 10 см, таулы аудандарда – 15 см, жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын және басқа да халық көп жиналатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Негізгі магистральды көшелерден қардан түгел тазарту ұйымдастырылды. Күндіз, 4 қарашада түскен қарды 54 бірлік қар күрейтін  техника, 49 самосвал мен 9 автогрейдер, сондай-ақ 1400 жол жұмысшысын тазартты. 

Сыртқа 1349 м3 қар шығарылды. 4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні 37 қар тиегіш, 36 самосвал, 9 автогрейдер және 236 жол жұмысшылары тазартумен айналысты. Сыртқа 891 м3 қар шығарылды.

Ал,5 қараша күні таңғы сағат 09.00-де сыртқа барлығы 2240 м3 қар шығарылды.

Алдағы екі күнде ауа температурасының төмендеуінің болжануына орай жылы киіну, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көктайғақтың пайда болуына байланысты сақтық шараларын сақтаулары қажет.