Алматы қаласында 2021 жылғы 26 қарашадағы қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 2021 жылғы 26 қарашадағы қар тазалау бойынша ақпарат
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 26 қараша күні сағат 02.45-тен бастап қарға ұласқан жаңбыр, таулы және тау бөктеріндегі жерлерде жауа бастады

Сағат 06.40 қаланың орталық бөлігіне қар түсті. Таңғы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тау бөктеріндегі аудандарда 8 см-ге дейін, таулы аудандарда 12-15 см-ге дейін қар жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Көктайғақтың алдын алу мақсатында қаланың жоғарғы бөлігінде қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар сыпырылуда. 246 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Таулы аудандарда қар тазалау ұйымдастырылды, 320 текше метр қар сыртқа шығарылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпшілік пайдаланатын орындар қардан тазартылуда.

583 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 202 құмшашқыш және 1 504 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Алматыда кешке және түнде ауа температурасының минус 8-10 градусқа дейін төмендейді және аздап қар жауады деп болжануда.