Алматы қаласында 2021 жылғы 26 қарашадағы қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 2021 жылғы 26 қарашадағы қар тазалау бойынша ақпарат
Сурет: Almaty-akshamy.kz

26 қараша күні сағат 02.45-тен бастап Алматы қаласында қарға ұласқан жаңбыр, таулы және тау бөктеріндегі жерлерде таңғы сағат 05.00-ден бастап жауа бастады. 

Сағат 06.40 қаланың орталық бөлігіне қар түсті. Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша тау бөктеріндегі аудандарда 6 см – ге дейін, таулы аудандарда 10 см-ге дейін қар жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қаланың жоғарғы бөлігінде қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі және қар сыпырылады. 120 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды» тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Техниканың түнгі уақытта шығуы 496 бірлікті құрады, оның ішінде 193 құмшашқыш және 337 жол жұмысшысы.

Таңертең 583 бірлік арнайы техника, оның ішінде 202 құм шашқыш және 1504 Жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын 27 қараша күні таңертеңге дейін жауады.