Алматы қаласына локдаун енгізілмейді

Алматы қаласына  локдаун енгізілмейді
Сурет: Greenpost.ua

Қала коронавирусқа тойтарыс беруге толығымен дайын. 

23 шілдеде «Алматы қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және КВИ таралуын тежеу жөніндегі жаңа шектеу шаралары» тақырыбында өткен онлайн баспасөз-конференциясы барсында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға шектеулер енгізілмейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматыдағы эпидемологиялық жағдай күрделене түскеніне қарамастан, қалаға қатаң шектеулер енгізілмейді. Оның себебін бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин медицина саласының коронавирус індетіне қарсы тұруға дайындығымен түсіндірді. 

«Былтыр біздің денсаулық сақтау инфраструктурасының қуаттылығы төмен болған. Сол себептен ауруханалардағы төсек-орындардың саны да аз болған. Мәселен, өткен жылы төсек-орын екі мыңнан аспаған болса, биыл жеті мыңнан асып отыр. Себебі биыл біз дайындық жасап, төсек-орындарды көбейттік, оның саны бүгінгі таңда 7011-ге өскен, дәрі-дәрмек мәселесін шештік, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Жедел медицина көрсету  қызметінің де жұмыс өзгерді, дәрігерлердің саны көбейді»,  – деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы эпидахуалға байланысты қаланын бас санитарлық дәрігері арнаы қаулыға қол қойған болатын. Бұл қаулы боынша, Ashyq жобасына қатысушы әлеуметтік-экономикалық нысандар саны арттыруғы қажет, бірақ жаппай шектеулер болмайды.

Тікелей эфирді мына жерден көруге болады.