Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы
almaty-akshamy.kz

2021 жылғы 22 шілде   №3/351-656

 Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі
№ 2/240 «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 2/240 «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына, келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасындағы реттік нөмірі 3 жолы алынып тасталсын.

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Б. Әзірбаевқа жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                           Б. Сағынтаев