Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шыға алмай отыр

Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шыға алмай отыр
Сурет: Inbusiness.kz

Еліміздің басты екі қаласының эпидахуалы оңалмай тұр.

2021 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

«Сары» аймақта Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары орналасқан.