Алматы қаласы  жастарының арасында онлайн дебаттық турнир өтті

Алматы қаласы  жастарының арасында онлайн дебаттық турнир өтті
Almaty-akshamy.kz

Биыл ата-бабамыз аңсаған қастерлі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы толды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Республикалық 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасының «Сапалы білім» индикаторын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының жастары, яғни ЖОО және ТжКБ студентері, арасында дебаттан турнир өткізуді қолға алдық.

Турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында тәуелсіздігімізді насихаттап, тарихымызды еске ала отырып, дебатқа қызығушы жастарға қолдау көрсету.

Қазан айының 23-жұлдызында Алматы қаласы жастарының арасында «ZOOM» платформасы арқылы «Болашақ кілті – жастар қолында» тақырыбында «Jas Otan CUP I» дебаттық турнир өтті. Турнир толығымен онлайн форматта өтті.

Дебаттық ойынға 20 фракция қатысып, АПФ және БПФ форматтарында өтті. Қарарлар бүгінгі күнде өзекті тақырыптар аясында болды.

Қатысушыларға арнайы бір күн бұрын турнир ережелерін түсіндіру мақсатында бас төрешінің қатысуымен мастер-класс өтті.

Турнир нәтижесі бойынша, жүлделі 1-орынға Алматы  Жоғары медициналық колледжінің «YOLO» фракциясы, 2-орынға  №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің “BEST” фракциясы, ал 3-орынға  Алматы автомеханика колледжінің “ЖАС МАМАНДАР” фракциясы иеленді.

Алматы қаласы «Jas Otan» Жастар қанатының төраға орынбасары Әкежан Бақытұлы:

«Мемлекеттік тілдегі дебаттық қозғалыс жаңа сатыға көтеріліп келеді. Апта сайын өтіп отырған дебаттық ойындар жастар арасында талпынысты көбейтіп, олардың жан-жақты болуына, жаңа эрудициялы ортаға түсуіне, өз көзқарастарын сауатты жеткізуне ықпал етеді», - деді.