Алматы қаласы полициясының әкімшілік ғимараттарында 420 бейнебақылау камералары орнатылды

Алматы қаласы полициясының әкімшілік ғимараттарында 420 бейнебақылау камералары орнатылды
Сурет: Vedomosti.ru

Алматы полициясы өз қызметкерлерін қалай бақылайды

Алматы полициясы өз қызметкерлерін қалай бақылайтындығы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметтік модельді енгізу, “Полиция жақын маңда” қағидатын, сондай-ақ Мемлекет басшысының полиция ғимаратында, қалалық ПД-де үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізу туралы тапсырмасы бойынша консультативтік-кеңесші органның, БАҚ өкілдері мен блогерлердің қатысуымен кіріспе тұсаукесер өтті.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласы полициясының әкімшілік ғимараттарында 420 бейнебақылау камералары орнатылды, олардың көпшілігі тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтармен жұмыс жүргізілетін тергеушілер, анықтаушылар және криминалдық полиция қызметкерлерінің кабинеттерінде орналасқан. Сіз қазір көріп отырғаныңыздай, нақты уақыт режимінде жағдайды бақылай аласыз. Бұл бейнебақылау камераларының деректері жазылады және қажет болған жағдайда мұрағаттан сұрауға болады. Жақын арада әкімшілік қамауға алынғандарға және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұлғаларға арналған қабылдап–таратуды да бейнебақылау камераларымен жабдықтау жоспарлануда. Келесі жылы барлық учаскелік полиция пункттерінде бейнекамералар орнатылады», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ спикер бүгінгі таңда 42 стационарлық модульдық постта орнатылған бейнебақылау жүйесі арқылы полиция қызметкерлерінің жұмысын талдауға мүмкіндігі бар екенін, және жыл соңына дейін тағы жетеуін орнату жоспарда екендігін айтты.