Алматы қалалық онкологиялық орталығында Ашық есік күні өткізіледі

Алматы қалалық онкологиялық орталығында Ашық есік күні өткізіледі
almaty-akshamy.kz

2021 жылғы 23 қазанда Алматы қалалық онкологиялық орталығында сүт безінің қатерлі ісігін алдын ала анықтау және оның алдын алуға арналған  Ашық есік күні өткізіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қабылдау Папанин көшесі, 220, Литер А мекенжайында жетекші маммолог-онколог мамандардың қатысуымен сағ 09.00-13.00 аралығында жүргізіледі. 

Барлық сауалдарыңыз бойынша 8(727)-312-24-74 телефоны арқылы хабарлассаңыздар болады. 

Бүгінгі күні сүт безінің қатерлі ісігі Қазақстандағы онкологиялық аурулардың көптеп кездесетін түрі болып табылады. Аталмыш ауру - әйел қауымға тән аурудың бірі. 

Айта кететін жайт, сүт безінің қатерлі ісігі Алматы қаласында статистика бойынша бірінші орында тұр, ал, өлімге әкелу салдары бойынша екінші орында. 

Алматы қаласында 9 айдың ішінде 514 әйелде сүт безінің ісігі анықталған. Сол себепті, сүт безінің қатерлі ісігін уақытында анықтау үшін мамандар  маммография скринингінен өту туралы кеңес беруде. 

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі бойынша скринингтен өту мүмкіншілігі екі жылда бір рет 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге қарастырылған. 

Дәрігерлердің айтуынша, алдын ала диагностикаланған ісікті толығымен емдеуге болады. Ал, аурудың белгісі кеш анықталғанда, соңғы деңгейдегі асқынған дерттің таралып кетуі мүмкін және оны емдеу қиынға түспек. 

Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!