Алматы қалалық мәслихатының депутаты Набиев Амиржан: Вакцина - бұл ауруды жеңудің ең тиімді әдісі

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Набиев Амиржан: Вакцина - бұл ауруды жеңудің ең тиімді әдісі
almaty-akshamy.kz

Өкінішке орай, қаламыздағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Қала «қоңыр-қызыл» аймақта (тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ).

Мәслихат депутаты және бірінші басшы ретінде жауапкершілікті сезіне отырып, бірінші кезекте қызметкерлеріміз бен олардың отбасы үшін алаңдаймын.

Вакцинация туралы шешім әркімнің жеке шешімі болып табылады, бірақ біз әркімге өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алуға шақырамыз.

Менің ойымша, вакцинация - бұл ауруды жеңудің және өмірге толыққанды оралудың ең тиімді әдісі.