Алматы қалалық мәслихатының депутаты Константин Авершин: Екпе салдыру - сізге қымбат адамдардың алдындағы жауапкершілік

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Константин Авершин: Екпе салдыру - сізге қымбат адамдардың алдындағы жауапкершілік
Сурет: Vecher.kz

Біз жақсы көретін жандарымызбен біргеміз. Егер адам ешкімді жақсы көрмесе, онда ол да ешкім емес. Мен өз отбасымды, туыстарымды, қаламды, тауда серуендеуді жақсы көремін. Жақын адамыңды немесе жақсы нәрсені жоғалтқанда, адам өзінің бір бөлігін жоғалтқандай болады. Өзімізді сақтау үшін біз басқаларға қамқорлық жасауымыз керек. Ең бастысы, біз өз денсаулығымызға қамқорлықпен  қарауымыз қажет, өйткені бұл өзімшілдік емес, жауапкершілік. Сізге қымбат адамдардың алдындағы жауапкершілік. Өзіне көңіл бөлмеу - бұл ешкімге қажет емес адамдардың қылығы.

- Әке, сіз анам екеуіңіз бұл вирусты жұқтырдыңыздар ма?

- Иә, қызым, біз ауырып қалдық.

- Сіздерді де басқалар сияқты ауруханаға алып кете ме?

- Жоқ, біз үйде боламыз. Бізге екпе салынды, демек біз ауырып қалсақ та бәрі тез өтеді. Бір-екі рет түшкіреміз, сонымен болды.

- Солай ма?

- Иә, қорықпа, бәрі жақсы болады. Уәде берем.