Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов: Вакцина COVID-19 пандемиясын тоқтатуға көмектеседі

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов: Вакцина COVID-19 пандемиясын тоқтатуға көмектеседі
almaty-akshamy.kz

Сіз COVID-19 вакцинасын алдыңыз ба?

Өкінішке қарай, елдегі эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Күн өткен сайын қиындап бара жатыр. Ауруға шалдыққандардың саны күн санап артып келеді. Күн сайын 7 мыңға жуық қазақстандықтан вирус анықталып отыр.   Олардың шамамен бір жарым мыңы Алматыда, оның 94% симптоматикалық. Адамдар өліп жатыр. Мегаполис, еліміздің көптеген басқа аймақтары сияқты, әлі де қызыл аймақта.

Осындай қиын жағдайға байланысты достар, вакцина алуға шақырамын. Бүгінде бұл аурудың таралуын тоқтатудың, өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болып тұр.

Бұрын айтқанымдай, мен вакцинаны наурыз айында алдым. Өзімді жақсы сезінемін. Менің туыстарым мен әріптестерімнің көбі екпе салдырды. Мен вакцинаның көмегі бар екенін атап өткім келеді. Індет жұқтыру кезінде екпе ауруды жеңілдетуге көмектеседі. Мысал ретінде мен достарымды келтіре аламын. Олар вакцинаны алды. Осының арқасында ауру (олар бірнеше апта бұрын вирус жұқтырған) салдары жоқ, жеңіл түрде өтті.

Сондықтан вакцинаға салғырт қарамаңыз. Бұл COVID-19 пандемиясын тоқтатуға көмектеседі.