Алматы зообағындағы маймыл қашып кетпек болды

Алматы зообағындағы маймыл қашып кетпек болды
Сурет: Almatyzoo

Шимпанзе жүгіріп келе жатып кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген.

Бүгін сағат 16:21-де Алматы хайуанаттар бағында келеңсіз жағдай орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz зообақтың Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

«Приматтар» бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде, арнайы темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кетті.

«Өз аумағынан бөлектеніп қалғандықтан, стресстік жағдайға ұшыраған шимпанзе жүгіріп келе жатып зообаққа келушілердің арасында тұрған әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді. Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын», - делінген зообақ әкімшілігі таратқан ақпаратта.

Хайуанаттар бағында жануарлардың қашуы сирек орын алатын жағдай емес. Мұндай орын алған оқиғалардың соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатады. Мамандардың жедел қимылының арқасында ауыр жағдай орын алған жоқ.

.