Алматы зообағындағы Гималай қонжығына Яссури есімі берілді

Алматы зообағындағы Гималай қонжығына Яссури есімі берілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл есімді желі пайдаланушылары таңдап берген.

Зообақтағы Гималай аюының қонжығына «Яссури» деген ат қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы зообағының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қонжыққа ат қою үшін әлеуметтік желі арқылы ұсыныстар қабылданған. 

«Оқырмандардың көпшілігі «Яссури» деген есімге дауыс берді. Себебі, бұл жерде қонжықтың әкесі мен енесінің есімдері біріктірілген. Әкесінің аты - «Яшин» болса, енесі - «Уссури», екеуін қосқанда «Яссури» болады. Біз де барлық нұсқалардың ішінен осыған тоқтап, таңдап алдық», - деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, қазір «Яссуридің» хал-жағдайы жақсы, енесінің қасында жүргені айтылды.