Алматы жұртшылығы бүгін атақты футболшы Сейілда Байшақовпен қоштасты

Алматы жұртшылығы бүгін атақты футболшы Сейілда Байшақовпен қоштасты Сурет: Halyq-uni.kz

Алматы халқы қазақ футболының аңызына айналған Сейілда Байшақовты ақтық сапарына шығарып салды. 


73 жасында бақилық болған футболшымен қоштасуға кезінде бірге доп тепкен командаластары, туған-туыстары, дос-жарандары, бапкерлері мен «Қайрат» футбол клубының тәрбиеленушілері келді. Қаралы жиында марқұмның жақындарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған көңіл айту хаты оқылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Сондай-ақ халықаралық УЕФА, ФИФА ұйымдары басшылары да көңіл айту хаттарын жолдаған.



«Совет одағының ұлттық құрамасына ойнап, қазақтың атын көтерген азамат еді. Қарапайым еді. Кетіп қалатынын біз білмедік. Мейірімді азамат еді. Бүкіл Қазақстан футболының тарихында бізде Сейілда Икрамұлы, Тимур Сегізбаев қалып отыр. Бұл кісілердің еңбектері зор», - дейді Қазақ футболының ардагері Құралбек Ордабаев. 



Сейілда Байшақов ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайрат» футбол клубының капитаны болды. КСРО ұлттық құрамасында ойнады. КСРО және халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды. Спорттық мансабын тәмамдаған соң да ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас спортшыларды тәрбиеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50