«Алматым жүрегімде – 2022»

«Алматым жүрегімде – 2022»
Суреттерді түсрігне - Д.Исаев

Алматыда жас орындаушылардың халықаралық байқауы өтті

«Алматым жүрегімде – 2022» байқауы 4-5 желтоқсанда өтті, оған Израиль, Болгария, Литва, Беларусь, Армения, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 20-35 жас аралығындағы 15 жас орындаушы қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Байқаудың бірінші күні қатысушылар қазылар алқасының мүшелеріне өз елінің хит-шерулерінде жетекші орын алатын танымал эстрадалық шығармаларды ұсынды. Байқаудың екінші күні эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық әндер орындалды.

Байқау қорытындысы бойынша Гран-при номинациясы және 2 000 000 теңге қазақстандық әнші  Әділхан Макинге берілді,  Бірінші орын мен 1 500 000 теңгеге Армениядан келген Сюзанна Мелконян ие болды, ал екінші орын және  1 000 000 теңгелік марапатты екі  әнші  бөлісті, олар - қазақстандық әнші Мәди Сыздықов пен Мордовиядан келген Вячеслав Явкин. 500 000 теңге жүлдесі бар үшінші сыйлықты беларуссиялық орындаушы Анастасия Рачинская, Грузия әншісі Георгий Такаидзе және Болгариядан келген Христиана Жданова  өзара бөлісті.