Алматы ЖЭО-ын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

Алматы ЖЭО-ын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр
«QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы ЖЭО арналған газ инфрақұрылымының құрылысы жоспарға сәйкес жүруде

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейірбек Ихсанов пен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те газ құбыры инфрақұрылымын салу барысын тексерді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Алматы ЖЭО-ны газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, екі автоматты газ тарату станциясының құрылысы бастады. АГТС өнімділігі 250 және тиісінше 150 мың м3/сағ құрайды. Бұдан басқа, қуаттылығы сағатына 1000 мың м3 «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 газ жалғастыру құбырын салу жүзеге асырылуда.

«Табиғи газды берудің қосымша көзі одан әрі энергетикалық қауіпсіздікті ұстап тұруға және Алматы облысы бойынша оның ішінде ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газдандыруды ескере отырып, Алматы энергокешені үшін газды сенімді және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Мейірбек Ихсанов.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, мердігер ұйымдар қажетті жабдыққа толық тапсырыс беріп, оның мерзімінде жеткізілуі күтілуде. АГТС және TIP-04 газ жалғастыру құбырын салуды аяқтау 2023 жылғы желтоқсан айының соңына жоспарланған.

Жобаны іске асыру Алматы қаласы мен оның маңындағы ауаның ластануын азайту есебінен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады, сондай-ақ өсіп келе жатқан энергия тұтынуды өтейді деп күтілуде.

«Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-ын жаңғырту» жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен іске асырылуда. Өз кезегінде QazaqGaz, газ инфрақұрылымының құрылысымен айналысып жатыр.