«Алматы Жастары» бағдарламасын жалғастыру жоспарланған

«Алматы Жастары» бағдарламасын жалғастыру жоспарланған
Сурет: Almaty.tv

1000 жас отбасын баспанамен қамту жоспарда тұр.

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын ағымдағы жылы жалғастыру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2022 жылғы қабылдаудың басталуы, өтініштер мен құжаттарды қабылдау сайты, бағдарламаның ағымдағы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпаратты Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Осы бағдарлама аясында 1000 жас отбасыдан кем емес қамту жоспарланған.