Алматы «жасылдан» «сарыға» ауысты

Алматы «жасылдан» «сарыға» ауысты
Сурет: Liter.kz

12 маусымнан бастап қаламыз «жасыл» аймақ статусына өткен еді.

22 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта орналасқан.