Алматы жартылай марафоны Тұңғыш Президент саябағынан басталады

Алматы жартылай марафоны Тұңғыш Президент саябағынан басталады
Сурет: Sport-marafon.ru

Алматы полициясы көрсетілген шараларды түсініп, өздерінің қозғалыс бағытын алдын ала реттеуге және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

20 маусым күні Алматы жартылай марафонына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жартылай марафон қашықтығы өтетін жерлерде көлік қозғалысы 00:00-ден 12:30-ға дейін ішінара шектеледі,– деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы қалалықтарды көрсетілген шараларды түсініп, өздерінің қозғалыс бағытын алдын ала реттеуге және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағынан бастау алады.

Жарыс өтетін күні жолдарды жабу кестесі төмендегідей:

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафиннен Назарбаевқа дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс 07:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылындағы Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс 03:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады.

Әл-Фарабидің оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін бос. Әл-Фараби даңғылы бойымен Навоиден Розыбакиевке дейінгі қозғалыс 06:30-дан 08:00-ге дейін жабық болады. Барлық жолақтар толықтай жабылады.

 Саин көшесі әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Батыс жағы көлік қозғалысы үшін бос.

Сейфуллин даңғылындағы қозғалыс әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 12:30-ға дейін жабық болады. Барлық жолақтар толықтай жабылады.

Абай даңғылы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін 07:20-дан 12:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көліктер үшін ашық болады.