Алматы ТЖД-да жұмыс істейтін қыз-келіншектер әйелдер күніне орай челлендж өткізді

Алматы ТЖД-да жұмыс істейтін қыз-келіншектер әйелдер күніне орай челлендж өткізді
Cурет: ТЖД

Алматы қаласы ТЖД-де жұмыс істейтін қыз-келіншектер 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай челлендж өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы ТЖД- да 200-ге жуық нәзік жандылар қызмет атқарады. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ауруларымыз үйдің ғана емес, түздің де жұмысын абыроймен атқарып жүргені шындық.  Сұлулық пен нәзіктік, батырлық пен қайсарлық секілді асыл қасиеттерді бір бойына сыйдырып алған ТЖД-нің қыз-келіншектері  халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

«Сіздер барда ер азаматтардың еңсесі ешқашан түскен емес. Өміріміздің мәні де сәні де сіздерсіздер! Сондықтан денсаулық, отбасылық махаббат тілейміз! Әр таңдарыңыз шуақты, бай-қуатты болыңыздар!»,-делінген құттықтауда.