Алматы тұрғынынан 30 келіден астам есірткі тәркіленді

Алматы тұрғынынан 30 келіден астам есірткі тәркіленді Сурет: Polisia.kz

Есірткі тасымалдаған Алматы тұрғынын Жамбыл облысының полицейлері қолға түсірді. 


2023 жылғы 7 қаңтарда Алматы қаласының тұрғыны отырған ВАЗ-2107 автокөлігін тексеру кезінде есірткі заты бар үш қапшық анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ер адам аталған көліктің жолаушысы болған. Автокөлік Тәтті ауылының маңындағы Меркі – Шу – Бурылбайтал республикалық маңызы бар автожолының 40-шы шақырымында ұсталды.



«Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп автокөлікті ұстады. Жалпы салмағы 30,7 келі болатын кептірілген марихуана есірткі заты жүк салғышта болған. Аталған есірткі заттарын жолаушы Алматы қаласына одан әрі өткізу үшін тасымалдаған», – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.



Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта ары қарай жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55