Алматы тұрғыны науқан аясында алғашқы болып шетелдік көлігін заңдастырды

Алматы тұрғыны науқан аясында алғашқы болып шетелдік көлігін заңдастырды
Сурет: Polisia.kz

Бүгін елімізде шетелдік көліктерді тіркеу науқаны басталды. Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді. 

Бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл, шынымен де, халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастырып алдым», – дейді, Сейілбек Олжабеков.

Еске салайық, бүгін, яғни, 23 қаңтарда, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.