Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды

Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды
Сурет: 5q.media

Таулы аймақтарға шықпауға шақырды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мамандар туристерге және тауда серуендеу әуесқойларынан жақын күндері таулы аймақтарға шықпауды сұрады.

«2 маусымда Алматы тауларында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 3 маусымда қатты жаңбыр, биік таулы аймақтарда қар күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап,  бұршақ жауады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді», - деп ескертті Алматы қалалық ТЖД. 

Төтеншеліктер тұрғындардан «112» сигналдарына, дабылдарға және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жіберілген қауіпсіздік хабарламаларына назар аударуды сұрады.