Алматы циркінің әртістері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Алматы циркінің әртістері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Сурет: Almaty.tv

Олар балалар үйінің тәрбиеленушілерін цирк өнеріне баулыды.

Іс-шара Алғыс айту күніне орайластырылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Алматыда Қазақ мемлекеттік циркінің кәсіби әртістері Алғыс айту күні қарсаңында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Осылайша, жасөспірімдердің спортқа деген қызушылығын оятып, салауатты өмір салтын насихаттады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара жылда жасалады.  

«Қызығушылық танытып жатқан балалар мен ата-аналар бар. Келіп үйренетіндер бар. Кәсіби әртіс болып жұмыс істеп жүрген мектеп оқушылары бар. Олар осындай іс-шарадан кейін келген балалар», - деді «Қазақ мемлекеттік циркі» КМКҚ директорының міндетін атқарушы Мақсат Жайықов.