Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент пен Бакуден алда келеді

Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент пен Бакуден алда келеді Сурет: Newssearch.us

Цифрлық даму – сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші.


 8 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен International Data Corporation (IDC) халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің вице-президенті Андрей Беклемишев төрт жыл ішінде «конъюнктурадан» «қайталануға» дейін өскен «цифрлық даму» деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Akamty-akshamy.kz.


 Айта кетерлігі, цифрлық даму – сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші.




«Цифрлық трансформация – бұл жаһандық өзгеріс. Оның басты міндеті – цифрлық дамудың барлық салада жоғары деңгейде болуы. Сондықтан цифрлық трансформация процесі сәтті болады», – деді Баян Қоңырбаев.



 Ол Алматының осы бағытта дамуға көмектесетін «Ақылды қала» бағдарламасын іске асырғанын атап өтті.


ӨКҚ алаңындағы брифингте Баян Қоңырбаев International Data Corporation (IDC) Халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің Алматының «Ақылды қала» ретінде жетілгенін бағалағанын  айтты.



 «IDC әдіснамасы 5 өлшем бойынша 19 критерийді қамтиды: пайымдау, мәдениет, процестер, технологиялар, деректер. Қорытынды баға әр критерий үшін арифметикалық орта ретінде есептеледі және 0-ден 5-ке дейін өзгереді», – деп түсіндірді Андрей Беклемишев. 




Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы 5 балдан 2.7 балл жинады. 2017 жылмен салыстырғанда, қала «Конъюнктуралық» (opportunistic) деңгейінен «қайталанатын» (Repeatable) деңгейіне ауысып, нәтижені жақсартты.


Андрей Беклемишев бұл көрсеткішке қандай фактор себеп болғанын айтты.


Соңғы 4 жылдағы жетістіктер туралы айта келе, Баян Қоңырбаев әлемдегі бірде бір қала 5.0 деңгейіне жетпегенін айтты. Азия өңірінде Сингапур (5.0 деңгейіне жақындады), Сеул, Дубай, Йокогама жоғары нәтижелер көрсетті. Еуропада - Лондон (4 деңгей), Амстердам, Барселона. ТМД аймағында Мәскеу көш бастап тұр (3 пен 4 деңгей арасында).


 Алматы Будапешт, Ташкент және Бакуден озып, ТМД-мен Шығыс Еуропа өңірлерінде жетекші қалалар тобына енді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26