Алматы троллейбустарының бағыты өзгереді

Алматы троллейбустарының бағыты өзгереді
Сурет: Ru.sputnik.kz

Бағыттар өзгерісі бүгіннен басталады.

Алматы қаласы метрополитенінің «Достық» станциясының құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2021 жылғы 20 тамыздағы сағат 23.00-ден 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін №6 және №25 троллейбустар маршруттарының сұлбасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, №6 маршрут троллейбустарының қозғалысы Шаляпин көшесімен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта және одан әрі бағыт бойынша жүзеге асырылады. 

№25 маршрут троллейбустарының қозғалысы Абай даңғылымен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта Қабдолов көшесіне дейін және одан әрі бағыт бойынша жүзеге асырылады.