Алматы теміржолындағы сымдардан өрт шықты

Алматы теміржолындағы сымдардан өрт шықты
Сурет: интернеттен

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған.

Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қазан күні сағат 07:50-де Алматы-1 – Алматы-2 теміржол аралығында теміржолға жақын орналасқан нысандарды жарықпен қамтамасыз етуге арналған электр сымдарына ағаш бұтағы құлаған.

«Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкерлері оқиға орнын жедел түрде токтан ажыратып, сымдардан ағаш бұтағын алып тастады. Кейін электр энергиясы қайта берілді. Аталған мәселеге байланысты пойыздардың кешігуі және ешқандай зардаптар болған жоқ», - деп жауап берді ҚТЖ баспасөз қызметінде.