Алматы тауларында жоғалып кеткен турист іздестіріліп жатыр

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист іздестіріліп жатыр
Сурет: Sxodim.com

Оқиға орнына құтқарушылар экипажы шыққан.

28 жастағы ер адам 17 шілдеде демалысқа шыққан, содан бері жақындары одан хабар ала алмай отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

«Сағат 23: 35-те Азамат Бөкеев есімді азамат ағасы Данияр 17 шілдеде кешке Көк Жайлау – Үш ағайынды бағыты бойынша тауға шығып, осы уақытқа дейін оралмағаны туралы хабарлады», - деп мәлімдейді Алматы құтқару қызметі.

23: 50-де оқиға орнына Үлкен Алматы көлінің бақылау-құтқару пунктінен құтқарушылар экипажы шыққан. Іздестіру әлі жүргізіліп жатыр.