Алматы тауларында Ұлыбритания азаматы жоғалып кетті

Алматы тауларында Ұлыбритания азаматы жоғалып кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Құтқарушылар аттанды

44 жастағы Ұлыбритания азаматы Роман Макогонның Шымбұлақ шыңынан түскені белгілі, бірақ ол қалаға жетпеген, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адамның жоғалғаны туралы жұбайы "109" құтқару қызметіне хабарлап, көмек сұрады.
Жоғалған туристі іздеуге сағат 21: 05-те "Тұйықсу" бақылау бекетінің құтқарушылары аттанды.
Айта кетсек, мамыр айында отбасылық жұп Шымбұлақ шыңынан өз бетімен түсе алмай, тауда түнеген.