Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады
inform.kz

«Қазгидромет» РМК тауда көшкін жүруі ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның күтілуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 19-24 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – деп хабарлады «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Синоптиктер қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады.

Сонымен қатар мамандар тұрғындарға тауда абай болу жөнінде кеңес берді.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, оңтүстік астанада демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, ауа температурасы 3-тен 5 градусқа дейін өзгереді.