«Алматы-Ташкент-Термез» күре жолында қозғалысқа шектеу қойылды

«Алматы-Ташкент-Термез» күре жолында қозғалысқа шектеу қойылды
сурет: ortcom.kz

Жөндеу жұмыстарына байланысты барлық көліктің жүріп-тұруына шектеу енгізілді.

Алматы облысында «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының Жаңақұрылыс ауылынан Үңгіртас ауылына дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Аlmaty-akshamy.kz "Қазавтожолға" сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатуына байланысты барлық көлік түріне шектеу енгізілді.

«Қозғалыс Тарғап және Самса елді-мекендері арқылы өтетін жолдармен жүзеге асырылуда», - делінген хабарламада.