Алматы құтқарушылары тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді

Алматы құтқарушылары тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді
Cурет: Inform.kz

Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады

Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді. 17-19 қаңтарда таулы аймақтарда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Жауын-шашын күтіледі.

Осыған байланысты ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарына мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс;
- Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкіні болуы мүмкін;
- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді;
- Үйге қайтуды тәуліктің кешкі уақытқа қалдырмаңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін;
- Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды;
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз;
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.