Алматыда тағы бір сауда ойын-сауық орталығы ашылды

Алматыда тағы бір сауда ойын-сауық орталығы ашылды aport.kz

Оның құрылысына Halyk Банкі мен Damu қоры қаржылай қолдау көрсетті. Сауда ойын-сауық орталығының аумағы 150 мың шаршы метр. Жобасы қазақстандық Eurasia RED девелаперлік компаниясына тиесілі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Aport East моллынан жанға керектің бәрін табуға болады. Үлкендер үшін де, балалар үшін де қажеттінің бәрі бар. ТМД бойынша ең үлкен экранмен жабдықталған  Halyk Imax Kinopark 16 кинотеатры мен Орталық Азиядағы ең ірі Funky Planet отбасылық ойын-сауық паркі осында. Фудкортта 50-ге жуық мейрамхана мен кафе орналасқан.

Magnum супермаркеті желісі тағы бір сауда орталығымен толықты. Оның аумағы 4,5 мың шаршы метрге жуық.



-  Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы жоспарымыз ауқымды. Қазір Aport East моллының екінші кезеңінің құрылысы жүріп жатыр. Оның 40 мыңнан астам шаршы метрінде Sanremo Resort&Spa аквапаркі, фитнес орталығы ашылады. Онда бір уақытта 4300 адам демалады. Енді үшінші кезең жобаланып жатыр. Оның аумағында 25 халықаралық бренд орналасады, - деп хабарлайды Aport моллының тең меншік иесі Дмитрий Ревин.



Бірінші Lifestyle Aport East Моллы Алматы агломерациясының батыс бөлігін дамытуға сәтті пайдаланылды. Ал екіншісі шығыс жағын өркендеуге септігін тигізбек. Ол жерде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, осы аумаққа жақын орналасқан 1 миллион адамға қызмет көрсетеді.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04