Алматы шекарашылары төрт айда 8 млн долларды шетелге әкетуге жол бермеді

Алматы шекарашылары төрт айда 8 млн долларды шетелге әкетуге жол бермеді
сурет: Inform.kz

Шетел валютасына сай жарлық бар

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алматы» шекара бақылау басқармасы жыл басынан бері 8 000 000 АҚШ долларын елден әкетуге жол бермеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен жылдың басынан бастап Қазақстан аумағынан 8 млн АҚШ долларынан астам валютаны әкетуге жол берген жоқ. Осыған байланысты шекара қызметі Президент жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынған еске салады.