Алматы референдумға дайын ба – мәслихат депуттары сайлау учаскелерін тексерді

Алматы референдумға дайын ба – мәслихат депуттары сайлау учаскелерін тексерді
Cурет: Almaty.tv

Қалалық қоғамдық кеңес өкілдері мен мәслихат депуттары басқосты

Халық өз таңдауын жасайтын тағдыршешті күнге де жетті. Алматы қалалық қоғамдық кеңес өкілдері мен мәслихат депуттары 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумге қатысты  арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Басқосуда қала бойынша сайлау учаскелерінің дайындықтары пысықталды. Бұл саяси науқаннан халықтың күтер үміті зор.  

«Референдумда халық көп үміт күтеді. Себебі жаңағы бекітуге ұсынылып отырған 33 өзгерістердің түпкі мақсаты – Қазақстан халқының азаматтық белсенділігін арттырып, халықты мемлекет басқару жүйесіне араластыру», – деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жапаров.