Алматы полициясында алғаш рет шахматтан турнир өтті

Алматы полициясында алғаш рет шахматтан турнир өтті
Сурет: Polisia.kz

Мұндай спорттық іс-шара полиция бөлімшелерінде республикалық деңгейде алғаш рет өткізіліп отыр.

Ұйымдастырушылар – ПД-ның арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы. Ол Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл маусым айының үшінші онкүндігіне жоспарланған ҚР Ішкі істер министрінің кубогы үшін іріктеу кезеңі болды. Бұл жеке құрамның спорттық дайындығы жағынан жаңа бағыт. Нәтиже тамаша. Әріптестеріміздің арасында турнир жартылай кәсіпқой шахматшылар да бар. Біз өз қатарымызда спорттың бұл түрін одан әрі дамытуды жалғастырамыз. Жаңа чемпиондарды дайындау керек», –  деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Өтебаев.

Әділқазылар алқасының хаттамасы бойынша бірінші орынды Бостандық аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Азамат Алмасұлы, екінші орынды ЖҚАЖ инспекторы Мереке Мұқатаев, үшінші орынды ЖПҚБ ППП мамандандырылған батальонының аға инспекторы Расул Мақсұтов иеленді.