Алматы полициясы заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі

Алматы полициясы заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының 35 жастағы тұрғынынан 5 келіге жуық ұнтақ зат тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жедел іс-шараларды жүргізу барысында біздің бөлімше қызметкерлері 35 жастағы Л.есімді азаматтың басқаруындағы автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан ұнтақты зат салынған 20 байлам және екі бірдей полиэтилен бумасы табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген шөптің жалпы салмағы 4,7 келіні құрайтын синтетикалық “мефедрон” есірткісі екендігі анықталды. Қазіргі таңда есірткі тарату жолдарын, арнасын анықтап жатырмыз. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.