Алматы полициясы ұрлықтың бетін ашты

Алматы полициясы ұрлықтың бетін ашты Сурет: Polisia.kz

Көліктердің көлем өлшегіштерін ұрлауды кәсіп қылған ұры қолға түсті. 


Бұл қылмыс қаланың Наурызбай ауданында орналасқан тұрғын алабында орын алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«31 жастағы С.есімді азамат ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жас жігіт заңсыз баю мақсатында Mercedes автокөліктерден көлем өлшегіштерді – массалық ауа ағынының датчиктерін ұрлағаны анықталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті осыған ұқсас қылмыс жасағанын мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.



Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы уақытта Mercedes көліктерінен көлем өлшегіштерді ұрлау жиілеп кеткен. Бұл детальды үшінші тұлғаларға 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін сатуға болатыны қылмыскерлерді қызықтырады. Тергеу әрекеттері барысында С. есімді азаматтың қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26