Алаяқтардан айла артылмайды

Алаяқтардан айла артылмайды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы тұрғындарды концерттік билеттерді сатып алу кезінде сақ болуға шақырды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, билет сатып аларда сақ болған жөн.

Мәдени ойын-сауық іс-шараларына билеттерді сатуға байланысты айла жасау, сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу мақсатында Алматы қалалық полициясы шаһар тұрғындары мен қонақтарына үндеу тастап, мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Концерт билеттерін алаяқтардың құрбаны болмас үшін ресми көздерден сатып алу керек.