Алматы полициясы түнгі рейдке шықты

Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
сурет:inform.kz

Полицейлер мейрамханалар, барлар мен тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендерді тексерді.

Медеу аудандық полициясының мәліметінше, түнде 14 ойын-сауық орны тексерілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай іс-шара негізінен демалыс күндері, жүйелі түрде жүргізіледі. Он кафе, мейрамхана, бар, екі компьютерлік клуб, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін екі дүкенде жергілікті рейдтер жүргізілді. 

«Аталған түнгі мекемелердің 17 әкімшісі мен басшысына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, аталған бардың клиенттерінің арасынан тағы жеті адам ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ компьютерлік клубтардың бірінде сағат 23.00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Аталған мекеме менеджеріне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 442-бабы 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық дерегі бойынша әкімшілік материал жиналды», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Бұған дейін Алматы қалалық ПД, 9 ойын-сауық мекемесі орналасқан үйге полиция қызметкерлерінің 300-ден астам рет барғанын айтты.

Еске салайық, мәселе Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасқан клубтар мен барлар туралы болып отыр.

«102» пультіне 300-ден астам сигнал келіп түсті, оларға патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар дереу әрекет етеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған мекемелердің әкімшілігі мен келушілерінен 901 адам түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.