Алматы полициясы тыйым салынған уақытта ішімдіктің сатылуын бақылауға алды

Алматы полициясы тыйым салынған уақытта ішімдіктің сатылуын бақылауға алды Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы кешкі сағат 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктердің сатылуын бақылауға алды.


Алкоголь өнімдерін сатуға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу деректерін анықтау мақсатында Алматы полициясы жергілікті рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Басты назар – құқық бұзушылықтың алдын алу. Алматы қаласы Алмалы ауданының полицейлері 21 жасқа толмағандарға және кешкі сағат тоғыздан кейін алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынатынын ескертетін көрнекі өнімдер шығарды.



«Мақсат – алкоголь өнімдерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарға сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту. Біздің міндетіміз – мұндай деректерді дер кезінде тоқтату және анықтау, ересек тұрғындарды балалар үшін, біздің болашағымыз үшін жауапкершілікті арттыруға шақыру. Ақпараттық брошюраларда ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының талаптарын нақты түсіндіреді және алкогольді сату шарттарын сипаттайды. Олар халық арасында, әсіресе, сауда орындарында бар», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26